Атырауда 18 маусымнан бастап карантин күшейтіледі (Қаулы)

(0 Votes)

"Атырау облысында халық арасында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуының алдын-алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету  туралы» 2020 жылғы, 10 мамырдағы №44 –ПГВР Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмағалиев Амантай Төлегенұлы, «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150 бабына сәйкес, Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Атырау облысы аумағында  қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі мен  COVID-19-бен сырқаттану деңгейінің өсуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларының қолданылуы эпидемиологиялық жағдай толықтай тұрақтанғанға дейін созылсын;

2. 23:00-ден 06:00-ге дейін Атырау облысында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда азаматтар мен көліктердің қозғалысына толықтай тыйым салынады;

3. Азаматтардың қозғалысы сағат 06:00 және 23:00 аралығында жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмекке жүгінуіне байланысты  қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, міндетті түрде маска тағып,  1,5-2 метр ара қашықтықты сақтап,  азаматтарға тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін;

4. 2020 жылдың 18 маусымнан сағат 07.00-ден бастап күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, келесі уақытша шектеулер белгіленсін:

1)  жиналыс, кеңес, семинар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру;
2) ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазылу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
3) азық-түлік және заттай сауда жүргізу базарларының қызметі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін;
4) гипермаркет, супермаркет және басқа да азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін ( көкөніс пен жемістерді қоспағанда азық-түлік сату, тек өлшеп салынған түрде жүзеге асырылады) қызмет көрсету;
5) қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана/бар/дәмхана/асхана және басқалар) келушілер санын бір уақытта 30 адамнан асырмай, үстелдер арасындағы 2 метр арақашықтықты сақтап, бір үстелге  4 адамнан асырмай отырғызу арқылы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін қызмет көрсету;
6) Азық-түліктен басқа сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер), ұялы телефондарды, басқа да техниканы жөндеу, тігін ательелері, фотосалондар және т. б. қызметі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
7) шаштараз, сұлулық салонының барлық қызмет түрлері алдын ала жазылу бойынша  сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін;
8) білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары (10 адамнан асырмай)  сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
9) спорт нысандары (тек ашық ауада) спортшылар үшін көрерменсіз 30 адамнан асырмай сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
10) фитнес-орталықтар (10 адамнан асырмай), СПА салондар, бассейндер қызметі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
11) мәдениет нысандары көрерменсіз, қызметкерлер санын 30 адамнан асырмай сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;

5. Атырау облысының әкімдігі:
1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкет, үйлену тойы, мерейтой, ас беру), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
2) қоғамдық орындарға, оның ішінде алаң, саябақ, жағалауларға баруға;
3) меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметіне;
4) қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының және мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне;
5) кинотеатр, театр, көрме, интернет пен компьютерлік ойын клубтары және адамдар көп шоғырланатын басқа да нысандардың қызметіне;
6) діни нысандар қызметіне және халықтың онда  баруына;
7) ойын-сауық нысандарының қызметіне (балалар ойын орталықтары, түнгі көңіл көтеру орындарының, кальян, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квест, антикафе, боулинг орталықтарына және т. б.);
8) кейтерингтік қызмет көрсету саласындағы компаниялардың қызметіне;
9) мерекелерді, оның ішінде туристік нысандарды, қала сыртындағы демалыс аймақтарын ұйымдастыруға тыйым салуды қамтамасыз етсін. 

6. Атырау қаласы және аудандар әкімдіктеріне:

1) Эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына  тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық   ақпарат құралдарында ақпарат тарату  жұмысы ұйымдастырылсын.
2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №18 қосымшасына сәйкес қоғамдық және адамдар көп шоғырланатын  орындарда дезинфекциялық шараларды жүргізу;
3) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №15 қосымшасына сәйкес қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады;

7. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндіріс нысандарының оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердің басшыларына:

1) 2020 жылдың 20 маусымына дейін өндірістік нысандарда, вахталық қалашықтарда, кеңседе және өзге де үй-жайларда санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және жергілікті атқарушы органға ұсынсын;
2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №21 қосымшасына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметкерлерінің шығу (кіру) тәртібін қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік нысандарда санитарлық- гигиеналық іс-шараларды күшейту.
3) Қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру.

8. «ҚТЖ» ҰК" АҚ-ның филиалы магистральдық желі бөлімшесінің басшысына:

1) темір жол вокзалдарының ғимаратына шығарып салушыларды ( қажет болған жағдайда 1 адамнан аспайтын) жібермеуді қамтамасыз етсін;
2) жолаушылардың келуі мен кетуі үшін бөлек дәліздер  (өту ағындарының болмауын) қамтамасыз етсін;       

9. Атырау облысының Полиция департаменті қамтамасыз етсін:

1) COVID-19 бойынша карантиндік, провизорлық және инфекциялық стационарларды күзету;
2) Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын бұзушыларға қатысты әкімшілік шараларды қолдану және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) отбасылық, еске алу шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер) үйде өткізуге жол бермеу;
4) жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шектеу шараларының бұзылуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізсін.

10. Ішкі саясат басқармасы Атырау қаласы және аудандар әкімдіктерімен бірлесіп:
1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды  эпидемиологиялық жағдай,  қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;
2) Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі мен науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.

11. Аталған  қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

12. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Жұмағалиев

m.azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT