Атырауда 16 мың гектардан астам жер кері қайтарылған

Атырауда 16 мың гектардан астам жер кері қайтарылған
(0 Votes)

Бірқатар өңірде пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылмай отыр. 

Жер ресурстарын басқару комитет төрағасы Мұрат Теміржановтың сөзінше, бірінші жартыжылдықта 2685 тексеру жүргізілген. Онда 2174 жер заңнамасын бұзу дерегі анықталып, 231,4 млн теңгеге айыппұл салынды.

Сонымен қатар жер учаскелерін беру туралы шығарылған 1711 заңсыз шешім жойылған. Бұған қоса объектілерді салуға арналған жерлерді пайдаланбау, жерді мақсатсыз пайдалану, жердің бүлінуі және тағы басқа заңсыздықтар болғаны анықталды.

Жыл басынан бері 1,33 млн гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 875 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 836,7 мың гектар алаңда 614 нұсқама енгізілді. 48 материал сот органдарының қарауында. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 217,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Жалпы, қайтаруға жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінен 1,15 млн гектар қайтарылды, –- деді Мұрат Теміржанов.

Кейбір өңірлер ауыл шаруашылығы жерлерін қайтаруға қатысты жоспарды толық орындамаған. Атап айтқанда, ШҚО-да жоспарланған 160 мың гектардан 48,1 мың гектар, Атырау облысында 90 мың гектардан 16,8 мың гектар жер қайтарылған.

Қ.ШӘКІРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT