Атырауда 12 көпқабатты үйдің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Атырау облыстық департаментіне қарасты басқармасының бастығы Жәнібек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзінше, ревизиялық комиссия 12 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына жұмсалатын бюджет қаржысының пайдаланылуына аудит жүргізген. Тексеру барысында 12 бюджеттік тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары бойынша өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Құрылысты тоқтатуға, ал бюджет қаржысын қайтаруға тура келді.
«Барлығы 50 млрд теңгеден астам қаржыға аудит жүргізілді. 7,3 млрд теңге бойынша заңбұзушылықтар анықталды»,-деп хабарлады Ж.Қаражанов.