АТЫРАУДА 100-ДЕН АСТАМ БҮЛДІРШІНГЕ НАУРЫЗ-ҚОРЖЫН ҮЛЕСТІРІЛДІ

(0 Votes)

Атырауда «Достық» үйінде Наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүлдіршіндерді құттықтап, сыйлықтар тапсырды”, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов осы жылдың “Балалар жылы” деп жариялауының маңызын атап өтті.

“Балалар - біздің жарқын болашағымыз. Олардың алаңсыз білім алуына, денсаулығының мықты болып, әлеуметтік тұрғыдан қиыншылық көрмей дамуына бар күшімізді саламыз. Биыл бірқатар жобалар жоспарланып отыр. Балаларымыздың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау жалғаса береді”,-деген облыс басшысы балаларды жаңа жылмен құттықтады.

6f3400a8-5f3f-4d41-8ab5-9e59c9848611

Мерекелік кеште 100-ден астам бүлдіршінге «Наурыз-қоржын» сыйлықтары үлестіріліп, анимациялық қойылымдар көрсетілді. Салтанатты шарада түрлі ұлт өкілдерінің ән-жырлары шырқалып, би биленді.

Бұдан бөлек, ыстық бауырсақ пен наурыз көже таратылды. Киіз үй құрылып, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық тағам, қолөнер бұйымдары қойылған жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеден түскен қаржы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT