АТЫРАУ ЖОЛДАРЫНАН АНЫҚТАЛҒАН АЛПЫС ЖЕТІ АҚАУ ЖОЙЫЛДЫ

(0 Votes)

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жыл басынан бері 74 нысанға 903 рет тексеріске шықты.

Оның 34-і жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау кезіндегі тексерулер. Жолдардан анықталған 335 ақаудың 70-і өрескел. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Нұрлан Жантурин айтты.

Анықталған  кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен күтіп ұстайтын «Қазақавтожол» ЖШС-не ұсыным хат жолданған. Нәтижесінде 67 кемшілік жойылған. Мәселен, «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының кейбір бөліктерінде отырған жол жиегі тегістелген. Сонымен қатар, Қарабатан елді мекені, Мақат кенті және  Құрманғазы ауданы аумағындағы республикалық жолда асфальт бетіне түскен сызаттар жойылған. Дәл осындай сызаттар «Құлсары-Доссор» аралығында және «Атырау-Орал» тас жолының Индер ауданы тұсында да анықталып, қалыпқа келтірілген.

Филиал мамандары жыл басынан бері Атырау облысында салынып жатқан жолдардың құрылысына пайдаланған материалдардан 1614 сынама алды. Оның 235-і ҚР Стандарттарына сәйкес емес.

 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ баспасөз қызметі

Сурет: ашық дереккөз

 

Мақат тынысы

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика