Атырау Жастар театры халықаралық фестивальде жеңіске жетті!

(0 Votes)

Қызылорда қаласында өткен КСРО халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театр фестивалінде Атырау Жастар театры жүлделі 1-орынға ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Театр өнеріне арналған бұл форум Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Фестиваль қонақтарының қатарында КСРО және Қазақ ССР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов және басқа да танымал актерлер болды. Жастар театры Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісімен сахналанған «Хансұлу» перформансын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фестивальге Грузия, Румыния, Қырғызстан елдерінен және Қазақстанның әр өңірінен келген 11 театр қатысты. Олардың басым көпшілігі — 70–80 жылдық тарихы бар кәсіби театрлар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT