“Таза Қазақстан” акциясы аясында облыстық қоғамдық кеңес өкілдері Руслан Ахатов пен Руслан Күмісқалиев Атырау қаласында стихиялық қоғамдық бақылау жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
- Бүгін Геолог шағынауданындағы қоқыс алаңын аралап, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдадық. Қала әкімдігінен бұл мәселе жөнінде сұрастырғанда, бұндай орындар жабылуда деді. Сол тізімде Геолог ықшамауданы да бар. Бұл тұрғыда тұрғындардың шағымы толықтай ескеріледі,- деді Р.Күмісқалиев.
Қазіргі уақытта қала аумағында 10 карьер жабылу үстінде. Олар: Өркен, Көкарна, Химпоселок, Бірлік ықшам аудандарында. Қазіргі уақытта Бірлікте екі, Өркенде бір карьер жабылды.
Аталған карьерлерді жабу бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңында толық аяқталады деп күтілуде.