Қала әкімі Қайрат Оразбаевтың өкімімен Байқадамов Ануар Бисенбайұлы Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Байқадамов Ануар 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер мамандығын алған. Еңбек жолын 2005 жылы сот органдарында бастаған. Ал, 2009 жылдан мемлекеттік қызметте еңбек етуде.
Ануар Бисенбайұлы Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін осы бөлімде бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.