Атырау өңірінде жаңа газ тарату станциясы мен магистралды газ құбыры салынады

Атырау өңірінде жаңа газ тарату станциясы мен магистралды газ құбыры салынады
фото: atpress.kz
(0 Votes)

 Бүгінде Атырау облысында көгілдір отынмен қамтылған халықтың көрсеткіші 99,8% құрайды. Биыл Қызыл үй және Жасқайрат ауылдарына газ желісі тартылып, 102 шақырым газ құбыры жүргізілді. Нәтижесінде 300-ге жуық халық табиғи газбен қамтылды. Сонымен қатар, 6 ауылда газ құбырының құрылысы жүрігізілуде.

 «Қазіргі уақытта тұрғындарды табиғи газбен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта 1994 жылы пайдалануға берілген, қуаты 50 мың текше метр болатын «Финская-120» жоба қолға алынды. Қазір бұл көрсеткіш 120 мың текше метрге жеткізілмек. Жаңа газ тарату станциясы салынып, 46,8 шақырым болатын магистралды газ құбыры тартылады. Бұл өз кезегінде 160 мыңнан астам адамды құрайтын қала мен қала маңындағы кенттердің тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT