Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Егемендік туралы Декларация бүкіл халықтың ұзақ жылғы ортақ күш-жігерінің жемісі еді».
Бұл тарихи құжат арқылы еліміздің тұтастығы, жеріміздің бөлінбейтіндігі, бірлігіміздің мызғымастығы туралы және Қазақстан халқының мәдениетін, тілін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттар тұңғыш рет жария етілді.
Сол күннен бастап халқымыз ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік табалдырығына қадам басып, өз жерінде жаңа мемлекет құруға кірісті.
Республика күнінің қайта жаңғыруы – Жаңа Қазақстан ұрпағының өзінің тарихи бастауы мен терең сабақтастығы тамырын тануының басты нышаны.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының тағдыршешті сындарлы кезеңіне өтіп, тұрақты әрі прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты.
Осынау жарқын да қуанышты мерекеде баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов