Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Өтегенұлы Көпжанов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Физика, математика және ақпараттық технологиялар» факультетінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Кездесу барысында спикер «Өңірлік цифрландыру экожүйесі: Атырау облысының тәжірибесі мен даму бағыттары» тақырыбында жан-жақты ақпарат ұсынды. Алмас Өтегенұлы өңірдегі цифрландыру процесінің негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, деректерді басқару және смарт-инфрақұрылымды енгізудің аймақтық даму үшін маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, ол өңірлік IT-инфрақұрылымның қазіргі ахуалы, алдағы инновациялық бастамалар мен олардың іске асу тетіктері жөнінде нақты мысалдар келтірді.
Кездесу студенттердің кәсіби бағдарын кеңейтіп, өңірдегі цифрлық даму саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ перспективаларды терең түсінуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті


