Атырау облысының кадрлық резервіне іріктеу басталды

(0 Votes)

Атырау облысының кадрлық комиссиясы Атырау облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

 Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының азаматтылығы;

құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;

жоғары білімі болуы;

үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсі

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады.Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады:

Атырау облысы, Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 419, 3-ші қабат, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы. Электрондық мекенжай: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript..

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram - @atyrau.onir_rezerv.kz, @elgeqyzmet.atyrau, Facebook - «Мемлекеттік Қызмет Істері Атырау») және келесі телефондар арқылы: 8/7122/ 52-28-05, 52-26-48.алуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT