Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 27 мамырға ақпарат

(0 Votes)

             27.05.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

  1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 7 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 5 қазандық агрегаты, 4 турбина агрегаты; 1 қазандық агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 215 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2118900 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

 

  1. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 4-еу (№5 қазандық агрегаты - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 23 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

 

  1. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбоагрегат жоспарлы жөндеуде). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 94 МВт.

 

  1. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,2 және №6,7 турбина агрегаттары - резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерация 182 МВт құрайды.

 

Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

  

Ж.М.Айтказиев,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық  қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT