Атырау облысында “Жанұя және бала” іс-шарасы аясында 100-ден аса құқық бұзушылық анықталды

Атырау облысында “Жанұя және бала” іс-шарасы аясында 100-ден аса құқық бұзушылық анықталды
(0 Votes)

Атырау облысында 12-15 наурыз аралығында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

Іс-шара барысында облыс бойынша 101 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

- ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша – 32;

- ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігі бойынша – 3;

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша – 4;

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша – 255 құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, “Зорлық-зомбылық және жауапкершілік” тақырыбында облыс аумағында 100-ге жуық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шара аясында облыс бойынша 105 жайсыз отбасы тексеріліп, қосымша 9 отбасы жайсыз отбасылар есебіне алынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT