Атырау облысында «World Clean Up Day» аясында 10 мыңнан астам адам экологиялық сенбілікке қатысты

(0 Votes)

 20 қыркүйекте Атырау облысында Экология департаментінің бастамасымен және «AMANAT» партиясының, облыс және қала әкімдіктерінің, сондай-ақ аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорындар, экобелсенділер мен еріктілердің қатысуымен «World Clean Up Day» дүниежүзілік тазалық акциясы өткізілді.

Шараның басты мақсаты – еліміздегі экологиялық мәдениетті арттырып, аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту арқылы халықты қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыру. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен өткізілген бұл экологиялық акция бір мезгілде еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылды. Атырау қаласындағы сенбілік барысында қатысушылар “Самал” ықшамауданынан “Сарыөзек” ықшамауданына дейінгі аралықты, сондай-ақ “Атырау” ықшамауданы маңындағы айналма көпір аймағындағы Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.

Атырау облысы бойынша өткен тазалық жұмыстарына 10 мыңнан астам адам қатысып, белсенділік танытты. Жиналған барлық тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға жеткізіліп, экологиялық талаптарға сай жойылды.

Айта кетейік, жыл сайын қыркүйек айының үшінші сенбісінде өтетін бұл жаһандық акцияға әлем бойынша 180-нен астам елден 18 миллионнан аса ерікті қатысады. Қазақстан да бұл игі бастамадан тыс қалмай, тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT