Атырау облысында жалпыұлттық пул шеңберінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды бастамалар. 2024 жылы іске қосылған 15 жоба, оның ішінде вагон құрылысы зауыты мен геосинтетика өндірісі сияқты нысандар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етті.
2025 жылы іске асырылатын 17 жаңа жоба да осы үрдісті жалғастырады. Әсіресе, «FFS қап шығаратын зауыт», «Ет бағытындағы құс фабрикасы», «Локомотивтердің тірек арқалықтарын өндіру цехы» және «Шортанбай балық шаруашылығын жаңғырту» сияқты кәсіпорындар өңірдегі өндірістік әлеуетті арттырып, импорт алмастыру саясатына оң әсер етеді.
Бұл жобалар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, өңірдегі шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді. Сонымен қатар, олардың жүзеге асырылуы Атырау облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етпек.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, өңір экономикасының әртараптандырылуы мен индустриялық әлеуетінің нығаюына үлес қоса береді деп сенеміз.
Р.Салауатов