Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 22 маусымға ақпарат

(0 Votes)

          22.06.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

  1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 10 қазандық агрегаты, 10 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 3 қазандық агрегаты; №3 қазандық және №2 турбина агрегаттары жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 282 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2835000 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

 

  1. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық және 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (№10 қазандық - қорда тұр, ал №4 турбина агрегаты - жоспарлы жөндеуде). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 17,8 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

 

  1. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (3 турбина агрегаты резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 116 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 815000 м3.

 

  1. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,4 және №6,6 турбина агрегаттары - резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 196 МВт құрайды.

 

Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

 

 

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық  қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT