Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды

(0 Votes)

 Атырау облысы ТЖД мәліметінше, алдағы тәулікте облыста дауыл соғады.

 24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

Облыстың солтүстік - шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м / с.

Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Ауа-райының нашарлауына байланысты, құтқарушылар облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақыруда.

Әсіресе, тасқын қауіпі күшейіп тұрған Махамбет, Индер бағыттарындағы трассамен жолға шығу - өте қауіпі.

Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда, тасқын су қаупіне байланысты, кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабылды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521