Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласында 7 инвестициялық жоба іске асырылады

Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласында 7 инвестициялық жоба іске асырылады
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

 Жобаға қаралатын қаржы сомасы 32 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, салаға мемлекеттік қолдау шаралары жылдан жылға артып келеді.

- 2024 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілерін қолдау мақсатында субсидиялауға бюджеттен 3 млрд 548 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде мал шаруашылығын қолдауға 1 млрд 931 млн теңге, өсімдік шаруашылығына 446 млн теңге, агроөнеркәсіптік кешенді инвестициялық субсидиялауға 113 млн теңге бөлінді, - деді А.Саламат.

2024-2026 жылдары сала бойынша өңірде 277 жұмыс орны құрылып, 36,2 млрд теңге сомасына 7 инвестициялық жоба іске асырылады. Биыл ауыл шаруашылығына инвестиция көлемі 8 есеге артып, 991,2 млн теңге болды.

Амангелді Саламаттың айтуынша, 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына бөлінген қаржы толығымен игерілді. Сондай-ақ, облыста жануарларды 11 аса қауіпті ауруға қарсы егу жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. Төтенше жағдайға қарамастан шаруалар 4754 гектар жерге егін салған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT