Атырау облысында ауыл әкімін сайлау өтіп жатыр

(0 Votes)

2025 жылғы 13 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқаны өтуде. Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылдық округінде де сайлау белсенді түрде жүргізілуде.

Аталған округтегі №265 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылып, заңға сәйкес жұмысын бастады. Жалпы 1305 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында 23 жас – 18 жасқа енді толған сайлаушылар бар. Бұл – саяси өмірге алғаш қадам басып жатқан жастар үшін маңызды тәжірибе.

Сондай-ақ, 14 мүмкіндігі шектеулі азаматқа арнайы жағдайлар жасалып, дауыс беру еркіндігі қамтамасыз етілген.

Қайыршақты ауылдық округі әкімдігіне екі кандидат тіркелген. Тұрғындар өз таңдауын жасап, ауылдың болашағына бей-жай қарамай, жауапкершілікпен дауыс беруде.

Сайлау барысы учаскелік комиссия өкілдері мен тәуелсіз бақылаушылардың жіті назарында.

Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондықтан әрбір дауыс – ауылдың келешегі үшін маңызды. Өз таңдауыңызды жасап, белсенділік таныту – азаматтық борыш.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT