Атырау облысында айыппұлы төленбеген 50-ге жуық көлік арнайы тұраққа қойылды

(0 Votes)
Атырау облысында айыппұлын төлемеген 50-ге жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Облыс аумағында 8 - 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шара кезінде камера көмегімен анықталған жол ережесін бұзу фактісі бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру, тиісті органдармен бірлесіп борышкерлерді анықтау , айыппұлды төлеу қажеттігі туралы рәсімделген нұсқаманы құқықбұзушыларға тікелей тапсыру жүзеге асырылады», делінген хабарламада. Екі күні ішінде полиция 50-ге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушіні анықтап, көліктерін айыппұл тұрағына жеткізді. Осының ішінде 20-ға жуық автокөлікті «Автоураган» көшпелі кешені анықтады. Сондай-ақ, айыппұлы бар жүргізушілерге оның төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 130 нұсқама тікелей тапсырылды.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз