Атырау облысында айттың алғашқы күні 238 отбасына құрбан еті таратылды

(0 Votes)
Атырау облысында айттың алғашқы күні 238 отбасына құрбан еті таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Атырау облысында барлығы 238 мұқтаж отбасына ет таратылды. 

Құрбан айттың алғашқы күні Атырау облысында барлығы 158 қой, ⁠10 ірі-қара сойылды. Құрбан малының еті негізінен мешіттің жастары, жамағаттар, автоволонтерлар арқылы мұқтаждардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

Сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдарға да құрбан малының етін жеткізіп бердік. Айт кезінде көп балалы, жетім, жесір, науқас бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріліп отыр» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбандық шалу рәсімі 17, 18 маусым күндері де жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521