Атырау облысында 43 техникалық және кәсіптік білім беру қызметкері марапатталды

Атырау облысында 43 техникалық және кәсіптік білім беру қызметкері марапатталды
(0 Votes)

Аймақта Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева қатысып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.

– «Техникалық білім – табысты елдің тірегі» деген ұран сіздердің еңбектеріңіздің маңызын айқындайды. Сіздер ел экономикасына қажетті мамандарды даярлап, жастардың болашағына жол ашып отырсыздар. Әр шәкірт – ел ертеңінің берік іргетасы. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық, – деді ол.

Кәсіби мереке аясында барлығы 43 педагогтың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды. Олардың қатарында ардагер ұстаздар, колледж директорлары, үздік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бар. Марапат иелеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы мен Құрмет грамоталары, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» дипломдары және облыс әкімдігінің Алғыс хаттары берілді.

Сонымен қатар педагогикалық әулет өкілдері де арнайы құрметке ие болды. Олар бірнеше буын бойы техникалық және кәсіптік білім саласында аянбай еңбек етіп, жас мамандарды даярлауға зор үлес қосып келеді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, шәкірттер мен өнерпаздар ұстаздарға арнап өнер көрсетті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT