Атырау облысы прокуратурасында 2023 жылдағы жұмысы қорытындыланды

Атырау облысы прокуратурасында 2023 жылдағы жұмысы қорытындыланды
(0 Votes)

 26 желтоқсанда облыс прокуроры Бауыржан Альбертұлы ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен қала және аудандардың прокурорларының қатысуымен 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Іс-шарада облыс аппараты мен аудандық прокуратуралардың жұмысы нәтижелері талқыланды.

Қылмыстылық 6,9%-ға төмендеді. Қарақшылық (33%-ға), ұрлық (28%-ға), тонау (21%-ға), қорқытып алу (14%-ға), бұзақылық (4%-ға) төмендеген.

Прокурорлармен қызметтік бөлмелерден және уақытша ұстау изоляторларынан 22 тұлға босатылып, 39 тұлғаны негізсіз қылмыстық қудалау орбитасына тартудың алды алынып, конституциялық құқықтары қорғалды. Кәсіпкерлерге қатысты заңсыз басталған 2 қылмыстық іс тоқтатылды.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге шығын өндірілді. Арнайы прокурорлармен:

- алаяқтықпен тәркіленген 8,7 га жер телімдерін заңсыз сатқан Р.Наушабаева, М.Зайнеденова, Д.Сатимов;

- әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалаған Ф.Утаргалиев;

- азаптауға жол берген 5 лауазымды тұлға жазаланды. 673 іс бойынша прокурормен қолдалған мемлекеттік айыптаумен 922 қылмыскерлер сотталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен 70 мыңға жуық адамның және 4 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды. Мемлекет пайдасына 715,7 млн теңге залал және 10 млрд теңге әкімшілік айыппұл өндірілді, 19,2 млрд теңге мүлік қайтарылды, экологиялық талаптарға сәйкес 37,4 млрд теңге айыппұл салынды. 11 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемелекеттің тұрғын үй қорынан үй алу үшін тиісті есепке қойылып, конституциялық құқықтары қорғалды. 5 жетім баланың мүлкін үшінші тұлғаларға сатуға жол берілмей, тиісті ауыртпалықтар салынды және мұралар ашылды.

Аймақта әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып жатқан 5 инвестордың құқығы қорғалды.

Мысалға, инвесторлар – «AtyrauChiken» ЖШС (инвестиция сомасы 9,9 млрд тг) және «City XXI века» ЖШС (инвестиция сомасы 1 млрд тг) өз жобаларын жүзеге асыруға техникалық шарттарды алды. Бірінші жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау филиалы құс фабрикасын газ құбырына қосуға техникалық шарттарды беруден бас тартты, екінші жағдайда – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалы қоғамдық монша құрылысын газдандыру жобасына техникалық шарттарды бекітуден бас тартты.

«2023 жылы облыстың прокуратура органдары көптеген оң нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ әлі де назар аударатын бағыттар бар, олар азаматтардың, кәсіпкерліктің – соның ішінде инвесторлардың құқықтарын, мемлекет мүддесін қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарына, азаптаушылыққа қарсы тұрудағы үйлестіру рөлін арттыру және тағы басқалары. Прокурордың әр іс-әрекеті адам мен мемлекет үшін пайдалы болу тиіс», – деп атап өтті жоғарғы қадағалау органының басшысы.

Сонымен қатар Президентіміздің халық игілігіне және экономикамыздың қарқынды дамуына бағытталған шешімдері мен белгілеген бағдарламары негізінде Бас Прокурормен берілген тапсырмалар мен нұсқауларын мінсіз орындауды ескере отырып, облыс прокуроры үйлестіру рөлін айқындаумен жеке құрамға және қала, аудан прокурорларына тиісті тапсырмаларды берді.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT