Атырау облысы әкімінің орынбасары «Шаңырақ» балалар ауылына қатысты пікір білдірді

(0 Votes)

“Президент жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Закиева Динара Болатқызымен бірге отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылына барып, жағдайды зерделедік.

Түйген ойым, соңғы жағдайлар ұжымда бұрын қызмет етіп кеткен жұмысшы мен бұрынғы басшы арасындағы келіспеушіліктердің нәтижесі. Салдарынан балалар зардап шегуде.

Екіншіден, баланы өзіне тартып, түрлі видео таратудың артында – баланың құқығын шектеу мәселесі тұр. Бұл балалар мемлекеттің ерекше қорғауында болғандықтан, олардың құқығы қорғалады.

Үшіншіден, «Шаңырақ» балалар ауылына жаңа директор тағайындалады. Қазіргі уақытта конкурс жарияланды. Педагогика саласында мол білімі мен тәжірибесі бар мамандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын.

Төртіншіден, «Шаңырақ» балалар ауылындағы бейнебақылау жүйесі күшейтіліп, камералар тікелей Білім беру басқармасына қосылатын болады. Баспасөз қызметі ашылады. Балаларды өмірге бейімдеуге бағытталған тәлімгерлік енгізіледі”,- деп жазды Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің телеграм арнасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT