Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары қызметінен босады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Ол өз еркімен қызметінен кетті. Қайрат Бекенов құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жауапты болатын. Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің екі бірдей орынбасары Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов жұмысынан босатылды.
Фото ашық дерекөздерден алынды
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 