Атырау облысы кәсіпкерлеріне экономикалық саясат мәселелері түсіндірілді

Атырау облысы кәсіпкерлеріне экономика саясаты түсіндірілді
(0 Votes)

Атырау облысында экономикалық саясатты түсіндіруге арналған кездесу өтті, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, қаржы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінен өкілдер мен кәсіпкерлер қатысты.

– Экономикалық саясаттың  негізгі мақсаты – тұрақты өсімді қамтамасыз ету, бизнеске қолайлы орта қалыптастыру және халықтың өмір сапасын арттыру. Осы бағытта мемлекет салық және қаржы механизмдерін жетілдіріп, әлеуметтік әділдік пен кәсіпкерлерге қолдауға басымдық бере отырып, тариф саясатына жаңалықтар енгізуде, – деді Энергетика вице-министрі С. Жаркешов.

Кездесуде жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді: дифференциалды және прогрессивті мөлшерлемелер енгізіледі, қосылған құн салығына қатысты реформа жасалынады, “сән-салтанат салығы” енгізіледі, арнайы салық режимдері жаңарады. Әкімшілендіруді цифрландыру мен сервистік үлгіге көшуге ерекше назар аударылуда. Бұл салықтық есептілік көлемін 30%-ға қысқартып, бизнес жүргізу шарттарын жеңілдетеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың айтуынша, 2025–2029 жылдарға арналған энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру инженерлік желілердің тозуын төмендетуге, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға және электр мен жылу энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Мемлекеттік органдар  өкілдері кәсіпкерлер мен депутаттардың, облыс тұрғындары қойған сұрақтарға жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT