Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті
(0 Votes)

Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ата-аналардың жауапкершілігіне ықпал етуге байланысты тәрбие жұмыстары, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, жас отбасылардың ажырасуының алдын алу және әйелдер көсбасшылығы туралы мәселелер қозғалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиында тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізу секілді мысалдар талқыланып, жаңа бастамалар ұсынылды. Өткен жылы жауапты ата-ана идеясын дамыту, отбасын қорғау және балаларға білім беру мекемелеріндегі буллинг, вандализм, лудомания, ысырапшылықпен күрес, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстары қарқын алды. Бұл мақсатта 20 шақты арнаулы жоба жасалып, 100 мыңнан аса ата-ана қамтылған.

- Алдымыздағы үлкен міндеттердің бірі — ерте жүктілік пен суицидтің алдын-алу жұмыстары. Бұл екеуінің шешімі — психологиялық қолдау орталығы. Ал одан кейінгі мәселе — отбасын қолдау. Осы мақсатта облыс және аудан көлемінде отбасын қорғау орталықтары ашылып жатыр. Жаңадан құрылған қос құрылым негізгі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз,- деді Д.Шамұратов.

Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды нақтылады. Дарын Шамұратов өз сөзінде отбасы институтын нығайту мен әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруды мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

- Осы жылғы жоспарларымыздың барлығы іске ассын. Сіздермен бірлесіп жасайтын жұмыстарымыз көп. Қолдауларыңыз бен көмектеріңіз әрқашан керек. Себебі қоғам тарапынан көшбасшы әйел азаматтар болмаса бұның барлығын іске асыру мүмкін емес. Осы жылдың жоспарын бекітеміз, аздаған өзгерістер болады. Нәтижелі жұмыс болсын,- деді облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

Жиын соңында 2024 жылдың қорытындысы бойынша комиссия мүшелеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың және облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың арнайы алғыс хаттары табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT