Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Бисенғалиұлы Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мурзиев Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін («заңгер» мамандығы), Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін («экономист» мамандығы) бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2004 жылы – Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары-заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды.
2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары - Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы - Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы.
2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.