Атырау экологтері былтыр табиғатты бүлдіргендерге 44,8 млрд айыппұл салған

Атырау экологтері былтыр табиғатты бүлдіргендерге 44,8 млрд айыппұл салған
(0 Votes)

Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр экологиялық заңнама сақтау бойынша 45 тексеру жүргізілілген. 

– Оның ішінде 13 профилактикалық бақылау, 28 жоспардан тыс және талаптарға сәйкестігін анықтауға қатысты 4 тексеру бар. Департамент мамандары қоршаған ортаның тазалығын бұзуғандарға 200 әкімшілік іс қозға. Сот органдарына қарауға жіберілген 12 әкімшілік іске бойынша 22 млрд 023 млн 116 мың 779 теңгенің айыппұлы салынды. Ал өзге істерге қатысты 22 млрд 845 млн 892 мың 213 теңгенің әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан будақтап бу көтерілгенін жазған болатынбыз. 

Кейін Атырау экологтері атмосфералық ауадан сынама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT