Атырау арқылы өтетін халықаралық пойыздардың қозғалысы шектелді

(0 Votes)

Атырау облысының аумағы арқылы өтетін халықаралық бағыттағы пойыздардың қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы теміржол көлігін бақылау бөлімінің басшысы Сырымбет Қостаев мәлім етті.

«Мәскеу–Ташкент, «Мәскеу–Душанбе», «Куляб–Мәскеу», «Саратов–Ташкент» бағытында қатынайтын пойыздар қозғалысына шектеу қойылды. Ал, «Атырау – Астрахан» аралығындағы пойыз жұп күндері ғана жүреді. Әзірге оның жүрісін шектеуге қатысты нұсқау берілген жоқ. Бұл мәселеге байланысты ақпаратты қосымша хабарлаймыз» - деді Сырымбет Қостаев.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT