Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты осы уақытқа дейінгі атқарған қызметінің қорытындысы және осы жылға арналған жұмыс жоспары бойынша есебін тыңдады.
Жоғары аудиторлық палатаның жұмыс нәтижесінде бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылғаны сондай-ақ, барлық анықталған заң бұзушылықты жою үшін Үкіметке ұсыныс беріліп, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқама жолдағаны туралы айтылды.
Сонымен қатар ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізілетіні баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы аталған жұмысты жалғастыруды тапсырып, бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.
Жоғары аудиторлық палатаның осы уақытқа дейін жасаған сапалы жұмыс нәтиженің жалғасатынына сенім мол.
Еліміздің тұғыры биік болып, өркендеп дами берсін.
С.Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы