Президентіміз биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлді. Бұл сала – елдің экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі.
Ауданымызда да ауыл шаруашылығы әлі де дамудың сатысында. Кейбір шаруалар қиындықтарға тап болып, саланың өркендеуіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ инфрақұрылым мен қаржыландыру мәселелері де өзекті болып тұр.
Алайда Президенттің Жолдауында берілген нақты тапсырмалар ауданымыздың агросаласын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашары сөзсіз. Шаруаларға жеңілдетілген мүмкіншіліктер мен қолдау көрсету – басты бағыттар.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы біздің болашағымыз. Ендігі міндет бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ауданымыздың ауыл шаруашылығын жандандыру. Сонымен қатар, бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын дәстүр. Біз бүгінгі еңбегімізбен келер ұрпаққа осы саланы аманаттауымыз қажет.
Ш.Ищангалиев
Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі