Ата-ана жауапкершілігін ұмытпағаны абзал

(0 Votes)

«Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесіне қатысты мәселеде  азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету айтылған еді.

Мұндағы басты фактор - сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін  реформалау. Соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Сот шешімдерін мұқият саралау қажет.

Азаматтар көбінесе соттарда мемлекеттік аппарат ресурстарымен тең емес жағдайда қалуда. Сондықтан әкімшілік сот төрелігін енгізу қажет. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстар азаматтардың пайдасына қарастырылуы керек.

Сонымен қатар,Президент жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды.

Адам баласы бұл өмірге келген соң, асқақ армандар мен ізгі мұраттардың жетегінде өмір сүруі тиіс.

Адам қылмыскер болып туылмайды, оны қылмыскер қылатын өскен ортасындағы теріс тәрбие.

Отбасының баға жетпес құндылық екенін ұқпаған, оның қадірін білмеген ата-аналар қатігез ұрпақ өсіріп шығарады.

Елімізде тұрмыстық-зорлық зомбылықпен күрес жүргізу мақсатында 4 желтоқсан 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Заңның 10-бабына сәйкес, зорлық-зомбылықпен күрес жүргізудің субъектісі ретінде ішкі істер органдары белгіленген. Бұл талап осы органдарға зор жауапкершілік жүктейді.

С.А.Сагинова ,

аудандық соттың

кеңсе меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521