Астаналық көлік жүргізушілері көк Туымызды желбіретіп, 30 шақырым жүріп өтті

(0 Votes)

KAZINFORM – Астанада Республика күніне орай автошеру өтті.

 Көк туымызды желбіреткен көлік жүргізушілері елорданың басты көшелерімен жүріп өтті.

Жалпы қашықтық 30 шақырымнан асады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай науқанның маңызы зор. Бұл мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде көк байрақты дәріптеуге ықпал етеді. Әрі мереке қарсаңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге септеседі.

Науқан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Биылдан бастап, басқа қалаларда да жалғасады.

«Мемлекеттік рәміздерімізді жалпы қала тұрғындары арасында, халық арасында кеңінен насихаттағымыз келеді. Бұл бастаманы қолға алып отырған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы комитеті. Бұл шара жылда дәстүрге айналған, трендке айналған шара», — дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар істері комитетінің басқарма басшысы Ақұлан Тастемір.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT