Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай патриоттық шара ұйымдастырды.
Шара барысында соғыс жылдарындағы батырлардың ерліктері дәріптеліп, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектері туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастаманың негізгі мақсаты – жас сарбаздардың бойында ұлттық рухты, отансүйгіштік сезімді және рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Мұндай тағылымды кездесулер жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихқа деген құрметін тереңдетеді.
ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі