«Ashyq» жобасының артықшылығы

(0 Votes)

Атыраудағы сауда орындары «Ashyq»-пен ғана жұмыс жасауы керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

Атырау облысы бойынша кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мамбетов жəне санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадыржан Оразғалиев жергілікті кəсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

– 12-16 тамыз аралығында карантин талабы тағы да күшеюі мүмкін. Əр тараптан түсіп жатқан ұсыныстардың барлығы ескеріліп, алдағы дүйсенбі күні жаңартылған қаулы шығады деп жоспарланып отыр. Сондықтан сол уақытқа дейін «Ashyq» жобасына тіркелуге асығуы қажет. Бұл үшін ірі сауда орнындағы əр бутик иесі «Инфо Атырау» сайтына өтініш жолдап, 10- 15 минут ішінде QR-код ала алады. Соны қағазға басып шығарып, қолжетімді жерге ілуі керек. Күзетші өз бақылауына алса, тұрғындар да жауапкершілік жүгін сезінеді деп ойлаймын. Себебі, бұл ең алдымен кəсіпкерлер мен тұтынушылардың денсаулығын сақтау үшін алынып жатқан қауіпсіздік шарасы. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, -деді Қаныш Қайыргелдіұлы.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына тек тіркелумен мəселе шешілмейді. Неғұрлым көп адамның мəртебесін анықтаған кəсіпкерлік нысандарға жұмыс уақытын екі сағатқа ұзарту секілді жеңілдіктер жасалуы мүмкін.
Мұның бəрі нақтырақ жаңа қаулыда көрсетілмек. 26 сəуірден бері мыңға жуық кəсіпкерден «Ashyq» жобасына қатысуға өтінім түсіп, оларға QR-код берілген. Оның нəтижесінде, 50-ден аса «қызыл», 200-ге жуық «сары» мəртебесі бар адам анықталған.

Ал, 11 маусымнан бері карантиндік шектеу шараларын бұзғандарға 2 млн. теңгеден астам айыппұл салынып отыр.

Дəулетқали АРУЕВ

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521