Армениялық автокөліктерді наурызға дейін тіркеу қажет

(0 Votes)

Жеке тұлғалар Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген басқару органдары сол жақта орналасқан көлік құралдары бойынша 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркеу жұмыстары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Атырау қаласында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының сынақ зертханасы Атырау қ., З. Қабдолов к-сі, 56 (бұрынғы Говоров) мекен-жайы бойынша өз жұмысын істеуде.

Айта кетейік, Атырау облысына басқару органдары оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған 1320 автокөліктің конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсынумен 708 автокөлік құралы тіркелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 наурызға дейін Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдары тіркелмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертіледі.

Атырау облысы полиция департаменті

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT