Архивтік құжат талапқа сай беріледі

(0 Votes)

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мақат аудандық бөлімінің қызметкерлерімен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Архивтік анықтамалар,архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы жүзеге асырылатыны туралы дөңгелек үстел өткізілді.

ХҚКО және ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар,архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсеткенде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, «Архивтік анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты мен регламенті туралы айтылды.

Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімді болуы, оның сапалы орындалуы, атқарылған жұмыстардың жариялылығы - мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі.

Ауданымыздың архив саласының басым бағыттарының бірі-жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»  мемлекеттік қызметін жүзеге асыру.

Заң талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»   мемлекеттік көрсетілетін қызметі үш бағытта, атап айтқанда, 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам, 2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы, 3) баламалы түрде мемлекеттік архивтер арқылы жүзеге асырылады.

Ауданымыздың архив саласының мамандары бұл қызметті жүзеге асыруда Заң және стандарт талаптарына сәйкес, келіп түскен өтініштердің тіркелуін және олардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алған. Себебі, сұраныстарды орындау-архивтегі ең жауапты қызметтердің бірі.

Архивтен алынған анықтамалар,көшірмелер,құжаттардан үзінділер азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау үшін қажет. Архив мекемелеріне келіп түсетін сұраныстар әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық, генеологиялық сипаттағы сұранымдар болып үшке бөлінеді.

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерге дәстүрлі түрдегі еңбек өтілі, жалақы мөлшері, зейнетақы жарналарының аударылуы,білімі және т.б. жатады. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты  көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Аудандық филиалы-портал аркылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатысушыларға өзара әрекеттесу диаграммасымен бөлістік.Сондай-ақ,  мемлекеттік электрондық  Порталы аркылы  мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған брошюралар сол жердегі азаматтарға таратылды.

А.Мурзагалиева,

Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ

аудандық филиалының басшысы

Фото: ашық дереккөзден 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521