Әріптесіміздің мерейі үстем болды

(0 Votes)

Бүгінгідей ақпарат ағымы мен түрліше музыкалық бағыттардың қарқын алған кезеңінде қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, бабадан қалған нақылды термелеп, санасына сіңіріп жүрген жандардың саны саусақпен санарлық.

"Текті сөздің төресі- терме" облыстық термешілер байқауының басты міндеті де ел ішінен дарынды жастарды халық арасына танымал ету еді. Осы орайда аудан намысын қорғап аталмыш байқауға Анварбек Садыков аттанған еді. Бұған дейін ақындар айтысы мен жазба ақындардың мүшайрасында топ жарып жүрген ол бұл жолы да құр қол қайтпады.

Облыстың түкпір түкпірінен жиналған кіл жүйріктердің ішінен жүлделі екінші орынға табан тіреді.

Жанына қолдау білдіріп, жарысты өз көзімен көріп қайтқан аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов та әріптесімізге өз алғысын білдірді.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT