ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Тәуелсіздік күніне орай БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырған байқау қорытындыланды. Қаламгерлер бақ сынаған додаға "Үздік телесюжет", "Үздік интернет жарияланым", "Үздік блогер", "Үздік мақала" номинациясы бойынша еліміздің жол саласы туралы дайындалған 289 жұмыс келіп түскен.
Соның ішінде "Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды "Мақат тынысы" газетінің бас редакторы Мөлдір Ізтұрғанова иеленді. Оның "Жол саласында кәсіби маман тапшы" атты жас жолшы М.Бекесовпен сұхбаты қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылып, 150 мың теңгенің сертификаты берілді.
Үздіктер қатарынан көрінген әріптесімізді құттықтаймыз.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ
баспасөз қызметі