ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ
(0 Votes)

Сыбайлас-жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі.

ҚР Заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Олардың қатарына қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық сынды әрекеттер кіреді.

Соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі - парақорлық.  Пара беру де, пара алу да – заң алдында үлкен қылмыс. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші мен ел азаматы бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарап, жемқорлыққа қарсы қоғамдық сана қалыптастыруы қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себептері әртүрлі. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кейбір мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне де септігін тигізуде. Мұндай әрекеттер мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіріп, қоғамның оларға деген сенімін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық пен  тиімді күресу үшін ең алдымен азаматтардың арыз шағымдары негізінде нақты шаралар қолдану қажет. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік қызметші мен азамат Қазақстан Республикасының заңдарын сақтап, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Бүгін де Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Бұл жолда қоғам болып сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін ұмытпауымыз керек.

 

А.АЖДЕНБАЕВА,

аудандық қазынашылық

басқармасы басшысының

орынбасары

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT