Жалпы елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Президент Жолдауда ел-жұртты алаңдатып отырған мәселелерге назар аударып, заңнамалық реттеуді тапсырды.
Мәселен, қоғамдық бақылау, адам саудасымен күрес, ғылыми-техникалық саясат, жылу энергетикасы тағы басқа заңдар қабылданды. Мұнда жасөспірімдердің құмар ойындарға құмарлығы, есірткі саудасы, әйелдер құқықтарының бұзылуы, азаматтардың қарыз ауыртпалығына қатысты мәселелерді де қозғады. Жағдай жан-жақты зерттеліп, заңды шешімін тапты.
Бұл шешімдер әр азаматтың жүрегінен терең орын алды. Жолдау сан-саласын қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Бұл Жолдау болашақ іргетасын нақтылауды міндеттеді.
Марат Шуақбаев,
дәрігер