Ақпарат айдынындағы жиырма жыл (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Биыл жергілікті қоғамдық саяси «Maqat tynysy» газетінің шыға бастағанына жиырма жыл толды. Осыған орай 26 маусым күні аудан төрінде салтанатты шара өтті. Мерекелік кеш мерейлі датаға арнайы дайындалған «Аудан айнасы жиырмаға толды» атты бейнероликпен ашылды.

Шарада басылымның өткені мен бүгіні сараланып, аудан өміріндегі тарихи рөлі айшықталды.

5

Алдымен сахна төріне көтерілген аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы алғашқы құттықтау сөз сөйлеп,  төл басылым ұжымын мерейтоймен құттықтап, жаңалықтың жаршысы болып жүрген байырғы және бүгінгі қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

img_4550

Мұнан кейін газеттің бас редакторы Гүлзада Есмырзақызы баспасөзге жазылуды өз дәрежесінде ұйымдастыра білген ұжым мен тұрақты авторларға алғысын білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.

Осыдан 20 жыл бұрын «Мақат тынысы» сол кездегі аудан әкімі Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаевтың бастамасымен ашылып еді. Ол басылымның қоғамдық саяси газет болып ашылуына зор еңбек сіңірді. Шараға арнайы келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Жұмашұлы өз естеліктерімен бөлісіп, ұжымды Парламент Мәжілісінің Алғыс хатымен марапаттады.

img_4453

Газетке «Мақат тынысы» деген атауды сол кездегі аудандық мәслихат хатшысы Түркіменбай Нұржігітов қойған еді. Ол газет құрылар тұста «Мақат тынысы» деген атауды ұсынып, көпшіліктің қолдауына ие болған-ды. Салтанатты шараның төрінен табылған Т.Нұржігітов сол кездегі қиыншылықтар мен қызықтар туралы ой қозғады.

img_4371

Салтанатты шараға қатысқан «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Ысқақ Егембердиев жылы лебізін арнап, газеттің бас редакторы Г.Саликоваға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасын және облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Құттықтау хатын табыс етті.

img_4498

Өз кезегінде газеттің қалыптасуына біраз еңбек сіңірген, бас редактордың орынбасары қызметін атқарған, бүгінде  «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің аудандық газеттермен жұмыс бөлімінің басшысы Лена Мыңбайқызы арнауын оқыса, «Атырау Ақпарат» ЖШС-де бірнеше жылдар бойы аудандық газеттермен жұмыс бөлімінде қызмет атқарған, журналистика саласының ардагері Өтеген Аманшаұлы жүрек жарды тілегімен бөлісті.

Газеттің мерейін асырған салтанатты шарада екі облыстың және алты ауданның бас редакторлары сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді.

 40bdf393-b0b4-428e-b830-fa70c1569b59

Кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әсел Қаржауова «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы А.Азаматовтың Алғыс Хатымен бір топ ұжым қызметкерлерін марапаттады.

 

Салтанатты кеш соңы газет тілшісі Ануарбек Садықовтың сөзіне жазылған «Ақпарат айдынында» атты әнін редакция ұжымының орындауында қорытындыланды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521