АСТАНА. KAZINFORM — Биыл ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» мәселесі қаралады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
- «Самұрық-Қазынаның» алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – қорды реформалау. Бұл жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатыр деп айту өте қиын. Әрине, кейбір нәтижелер бар. Дегенмен, жұмыс әлі де көп. Қордың қызметін ақпанда арнайы талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент ақпан айындағы талқылау кезінде қордағы реформалар қаралатынын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты.