«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына 5 жылға 975 млн теңге бөлінеді

фото: https://egemen.kz/
(0 Votes)

 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына 5 жылға 975 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспарын (бұдан әрі – кешенді жоспар) әзірледі. Орта мерзімді перспективаға арналған Кешенді жоспар халықты, объектілер мен аумақтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (орман және жануарлар дүниесі комитеті), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың (табиғат қорғау бөлімшелері) материалдық-техникалық базаны нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Роман Скляр.

Оның атап өтуінше, кешенді жоспармен табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету (арнайы көлік құралдары мен айла бұйымдар, сондай-ақ өрттерді ерте анықтау жүйелері мен өрт-бақылау мұнараларын орнату арқылы сатып алу) 55 182 084 мың теңгеге жоспарланған. Оның ішінде ЭТРМ-ге (табиғат қорғау мекемелеріне) - 34 983 747 мың теңге, жергілікті атқарушы органдарға (орман шаруашылығы мекемелеріне) 20 198 337 мың теңге көзделген.

«Ақжайық» МТР РММ-не 2023-2027 жылға материалдық техникалық базасын жақсартуға 975 760 мың теңге қаражат қарастырылған: 2023 жылға 303 943 мың теңге, 2024 жылға – 150 356 мың теңге, 2025 жылға – 150 356 мың теңге, 2026 жылға – 150 698 мың теңге, 2027 жылға – 220 407 мың теңге», - деді бірінші вице-премьер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT