«Ақ пен қараны кеш ажыраттым»

(0 Votes)

Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде  «Дінді дәстүрден бөлу - бірлікті бұзу» атты кездесу өтті. Кездесуге АТТ мүшелері, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының мамандары мен спортшылар, мекеме қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында АТТ мүшелері дін жөнінде мағлұмат беріп кетті.  Осы кездесуге арнайы келген «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының маманы Айнұр Тергеусізова: ««Терроризм» деген сөзді естігенде ислам дінін көз алдымызға елестете бастаймыз. Қазіргі жастар арасында дін саласына еліктеушілік көптеп кездеседі. Бірақ та, сол жастарға дұрыс жолды көрсетуіміз керек.  Бұл жолдың мен құрбаны болдым. 2009 жылы дінге деген қызығушылығым пайда болды. Өзім Ресейде туылғанмын. Бірақ, қазақ қызымын. Қазақтың дәстүрін мүлде білген жоқпыз, көбіне орысша сөйлейтінбіз.   Отбасы құрғаннан  кейін де патриоттық сезім,  қазақтың дәстүрі туралы шамалы білдім. Ол кезде теолог мамандары жанымда болған жоқ. Имамдарға баруды білмеппіз. Бірақ, сол кезде әлеуметтік желілерден  вахабизм, салафизм идеологиясын ұстанатын  адамдардың мақалалары  алдыңғы қатарда тұрды.  Ол кезде қайсысы бұрыс, дұрысын білмедік те.  Ең алғашқы оқыған кітабым Мұхаммад Ибн Абд-аль-Ваххаб ат-Тамими деген кісінің кітабы.   Басында қара киініп бастап, одан кейін бетімді жаптым.  Одан қала анаммен бірге тұрмаймын, оның  дайындаған тағамдары харам деп уағыздап, миымды әбден улап тастағаны сонша,  достарыңнан, айналаңнан алыстап, бәрінен бас тарттым.  Кейіннен 2011 жылы  интернет желісі арқылы «намазхан» бір жігітпен танысып, ол да сол идеологияны ұстанатын жігіт екен. Екеуміз неке қидық. Жезқазған қаласына бөлек кетіп қалдық. Көп ұзамай, күйеуім 2012 жылдың аяғында Сирияға кетіп қалды. Сол кезде осы идеологияны ұстана тұра, иманым әлсіз деп санайтынмын. Бүкіл бетім жабық, терезеге қарамаймын. Дүкенге жолдасымның рұқсатынсыз шықпаймын.  Ауырып жатырған кезде де, дәріханаға бармай,ыстығым 40 градусқа жеткенше жатқан кезім болды. 1-2 айдан кейін күйеуімді 2013 жылы  елге қайтару мақсатында Түркияға жол тарттым. Ол мені сонда күтіп алды.  Кейін шекарадан оңай өттік. Онда темір қоршаулар болған жоқ. Бір ауылға келдік. Мен Сирияға келгенде адамдар қару-жарақпен жүрді.

img_7738

Сол кіргеннен 6 жыл өмірім сол жақта өтті. Тозақпен бірдей өмірім ұзақ әрі өте қиын болды.  Жан-жақтың бәрі от, айқай, әйелдердің шыңғырып жылағаны, бала-шағаның өліп жатқаны, бір жағынан үйдің  жанында бомба жарылып жатады.

-Өзімнің басымнан өткен жағдайды айта кетейін, ораза ұстап таңғы асты ішіп отырған кезде қатты жарқыл пайда болды. Бұрын бомба алыстан жарылып жатушы еді. Бұл жолы  дәл біздің үйге түскен екен. Бір оянсам, бетон үстімде жатыр.  Балам мен құрбым іздедім. Бәрі де тірі. Міндетті түрде бір бомбадан кейін бірнешеуі жарылады. Сәлден соң есімізді жиып, ваннаға кіріп, аман қалдық.  Мұндай жағдайлар күнде болып тұрды.  Күніне 20 минут, әрі кетсе 1 сағат қана ұйықтайтынбыз.

2014 жылы «ИГИЛ» пайда болды.  Сол территорияның ішінде өздері «мұсылманбыз» деп, қаншама жастарды шақырып өлтіргенін білмеймін, мүлдем көп болатын.

Жолдасым бір жағдайды айтып келді. Ол соғыстың алдында бір күш пайда болады деуші еді. Сөйтсе, ас бөлмесінен сығалап қараса, арабтар бүкіл тамаққа наркологиялық дәрілер салып береді екен деді. Сол кезден бастап алданып жатқанымызды түсіндік,- дейді Айнұр Тергеусізова. 

-Кейіннен 6 жылдан кейін күйеуім өлді.   Сирияда күйеуі қайтыс болған әйелді бір үйге алып келеді. Ол жерде тамақ, жарық болмайды. Яғни, ешқандай жағдай жасалмаған. Амал жоқ, басқа күйеуге шығуға мәжбүр боласың. Ал күйеуге шықпасаң, сол жерде аштан өлесің. Ол күйеуің 2-3 күннен кейін қайтыс болып кетуі де мүмкін. Яғни, осылай 5 рет, 6 рет, тіпті 19 рет күйеуге шығып жатқан әйелдер болды. Бірақ мен тұрмысқа шықпай, елге қайтудың  жолын іздедім.  Шамалы уақыттан кейін, күрттерге  тапсырылып, күрттердің лагерінде, арасында түрмеде болдық. Кейіннен “Жусан” операциясы барысында Қазақстанға оралдық,- дейді елге оралған келіншек. «Осы жағдайдан кейін қазақ дәстүрін білуді, алдағы уақытта қара мен ақты ажыратуға септігін тигізді» деп өкінді өткеніне.

Қатысушылар айтылған оқиғаны ұйып тыңдап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Cурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521