Антқа адал болайық!

фото: egov.kz
(0 Votes)

Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орнында азаматтардың әрбір пікіріне барынша мұқият және мүдделілікпен қарауы, қай жерде және қандай себеппен туындаса да, туындаған жанжалдардың алдын алуға, не болдырмауға тиіс екендігін түсінулері керек. Себебі, мемлекеттік қызметке қабылданғанда шектеу мен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдайды.

Кейбір азаматтар өздері істемеген соң сезіне бермеуі мүмкін. Негізінде мемлекеттік қызмет ауыр, кейде белгілі бір уақытқа сыймайды. Мұны осы салада жұмыс істеген адам ғана түсінеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қиын, уақытқа бағынбайды деуіміздің өзіндік себептері бар. Өйткені кез келген оның қабылдауында болған адам мәселесінің тезірек шешілуін талап етеді. Бірақ қабылдаудағы адам мұны түсіне бермейді. Жедел шешімін табатын да, ұзақ уақыттан кейін шешілетін де мәселе бар. Осындай сәтте мемлекеттік қызметшілер келушіні сыпайы қабылдап, жағдайды барынша түсіндіруі керек. Бұл да оларға қойылған шектеулердің бірі. Себебі, мемлекеттік қызметшінің қызмет әдебіне сәйкес мемлекеттік қызметші ең бірінші қарапайым болуы тиіс. Сонда ғана келген адам оның парасаттылығы мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне риза болады.

"ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңында көрсетілген шектеулерден басқа мемлекеттік қызметшілерге "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде" де бірнеше шектеулер көрсетілген.

Сондықтан да мемлекеттік қызметтегі әріптестеріме қандай жағдай болмасын халықпен қарым-қатынаста қарапайым болуға, заң талаптарында көрсетілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамын.

Г.Жұмағалиева,

Мақат аудандық СЭБ басқармасының у.м.а 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT