АМӨЗ эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосты

(0 Votes)

Атырау мұнай өңдеу зауытының төрт қондырғысында (мұнай коксын қыздыру, жылу және электр энергиясының өндірісі, каталитикалық риформинг қондырғысы, ароматикалық көмірсутектер қондырғысы) қоршаған ортаға бөлінетін эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

Экологиялық бақылау құралдары пештер мен қазандықтардан шығатын түтін газдарындағы күкірт ангриді, күйе, азот оксидтері, көміртегі оксидінің шығарындыларын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Деректер 20 минут сайын ақпараттық жүйе арқылы бақылаушы органдарға жіберіледі.

Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату шығарынды көрсеткіштерін қадағалап қана қоймай, қажет болған жағдайда технологиялық көрсеткіштерді жақсарту үшін қондырғылардың жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға шығарындыларды азайту жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Бұл мақсатта кәсіпорында энергия және ресурс үнемдеу, сондай-ақ 2031 жылға дейін есептелген атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту бойынша нысаналы көрсеткіштері бар іс-шаралар жоспары әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT