АМӨЗ 2024 жылдың I жартыжылдығында 2,6 млн тонна мұнай өнімдерін шығарды

(0 Votes)

 Атырау мұнай өңдеу зауытының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметі қорытындылады.

Көрсеткіштерге сәйкес қаңтар-маусым аралығында кәсіпорында 2 млн 911 мың тонна шикі мұнай өңделді. Тауарлық өнім шығару көлемі 2 млн 632 мың тоннаны құрап, өндіріс жоспары 101%-ға орындалды.

Ағымдағы жылдың I жартыжылдығындағы мұнай өнімдерін шығару көлемі төмендегідей:

• автобензин АИ-92 – 671 728 тонна, АИ-95 – 115 132 тонна;

• дизель отыны – 878 963 тонна;

• сұйытылған газ – 106 021 тонна;

• әуе отыны – 95 296 тонна;

• бензол –22 651 тонна;

• параксилол –107 617 тонна;

• вакуумды газойль – 184 888 тонна.

Мұнай өңдеу тереңдігі 86,6% құрады. Өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі – 68,6%.

Еске сала кетейік, АМӨЗ тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорында өндірілетін бензин мен дизель отыны К-4 және К-5 экологиялық класс талаптарына сәйкес келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521